Бекшин жаңа жылдық мерекелер алдындағы эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады
Бекшин жаңа жылдық мерекелер алдындағы эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады
© РИА Новости / Георгий Зимарев
191
оқылды
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа жылдық мерекелер алдындағы эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Науқастар қатары көп болады деген болжам жоқ. Ревакцинация мерзімінің жақындап келе жатқанын көріп отырмыз. Егер екпе алу белсенділігі төмен болса, вирусты жұқтырғандар саны артуы ғажап емес. Ол тәулігіне 600 жағдайға дейін жетуі мүмкін. Мұның бәрі вакцинация мен біздің шектеу шараларын қалай сақтайтынымызға байланысты», – деді ол.
Оның айтуынша, желтоқсан айының соңына қарай күніне 600 жағдай – оптимистік сценарий.
«Пессимистік сценарий коронавирустың жаңа штамы пайда болған жағдайда ғана болуы мүмкін, өйткені аурудың кейінгі толқындары жаңа штамдардың пайда болуынан туындаған», – дейді ол.