Бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіповке Көкшетаудан пәтер сыйлады
Бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіповке Көкшетаудан пәтер сыйлады
Фото: kaz.nur.kz
156
оқылды
Бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіповке Көкшетаудан пәтер сыйлады және ақшалай сертификат тапсырылды. Бұл туралы Aikyn.kz облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, хабарлайды. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев құттықтау сөзінде облыста спорт дамып жатқанын айтып өтті. «Біз, ақмолалықтар Теміртастың жеңісін мақтан тұтамыз! Бұл – ерекше жеңіс. Бұл ерлер арасындағы әлем чемпионатында Ақмола облысының алғашқы алтын медалі. Теміртас – тәжірибелі спортшы. Осы жоғары марапатқа жету жолында ол әскери қызметкерлер арасында екі рет әлем чемпионаттарын жеңіп алды. Бұл жеңістердің лайықты нәтижесі әлем чемпионатының алтын медалі болды», – деді Ермек Маржықпаев. [caption id="attachment_170675" align="alignnone" width="799"] width= Фото: inform.kz[/caption] Аймақ басшысы әлем чемпионына пәтер кілтін және ақшалай сертификатты табыс етіп, жеке жаттықтырушысы Қуанышбай Қоқышевтің ерекше еңбегі мен жоғары кәсібилігін атап өтті. Оған да ақшалай сертификат тапсырылды. Айта кетейік, Белградта (Сербия) өткен бокстан 2021 жылғы әлем чемпионатында боксшы Теміртас Жүсіпов 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті.