Алматыда екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам мерт болды
Алматыда екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам мерт болды
Фото: laishevskyi.ru
158
оқылды
Алматыда екі КамАЗ көлігінің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тапты. Ер адам сынып қалған жүк көлігін жөндеуге көмектесіп жүрген. Сол кезде тағы бір КамАЗ қатты жылдамдықпен жолда тұрған көліктің артына соғылған. Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға Рысқұлов пен Оңғарсынова көшелерінің қиылысында болды. Құм тиелген КамАЗ сынып қалып, жолдың бойында тұрған. Ал жүргізуші техникалық көмекті күтіп отырды. Оған бір адам көмектесіп жүрген.
"Осы кезде тағы бір КамАЗ қатты жылдамдықпен келіп, жолда тұрған көліктің артынан соғылған. Жүк көлігін жөндеуге көмектесіп жүрген ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, тағы біреуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді", - дейді полицейлер.
https://www.youtube.com/watch?v=UyIpSTAzZpA&feature=emb_title