Қазақ-мажар байланысына жоғары баға берді
Қазақ-мажар байланысына жоғары баға берді
464
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі кеңесі саммитінің аясында Мажарстанның премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында екі елдің бас­шылары сауда-экономи­ка­лық, инвестициялық, мәдени-гу­мани­тарлық салалардағы қазақ-мажар ынтымақтас­тығы­ның  даму перспективаларын тал­қы­ла­ды. Пандемияға қарсы күрес ша­ралары мен климаттың өз­геруіне қатысты мәселелер  қоз­ғалды. Сондай-ақ олар ай­мақ­тық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішін­де Ауғанстандағы жағ­дай жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Вик­тор Орбанға ілтипат білдіріп, Қа­­зақстан мен Мажарстан ара­сын­­дағы екіжақты қатынастар­дың дамуын жоғары бағалады жә­не әртүрлі деңгейдегі өзара бай­­ланыстардың қар­қынды да­мып келе жатқанын атап өтті.
– Қазақстанда Мажарстанды жақ­­сы біледі және оған құрметпен қа­райды. Біздің Орталық Еуро­па­дағы ал­ғашқы елшілігіміз Бу­да­пешт қаласында ашылды. Ын­­­­тымақтастығымыздың әлеуеті зор. Сондықтан біздің ортақ мін­детіміз ведомстволарымыз бен үкі­мет­терімізді алға ұмтылуға, оның ішінде экономика бағы­тын­да ілгерілеуге, сондай-ақ БҰҰ жә­не ЕҚЫҰ сияқты халықаралық ұйымдар аясында ықпалдастық жа­сауға ынталандыру деп ойлай­мын, – деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде Мажарстанның пре­мьер-министрі екі ел халық­та­рының тарихи тығыз байланыс­тарын атап өтті. Кездесу соңында Виктор Орбан Қазақстан Пре­зи­ден­тін келер жылы Мажарстанға са­пармен келу­ге шақырды.