Қазақстаннан шетелге бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрін тасымалдауға уақытша шектеудің барына қарамастан, заңсыз жанар-жағармай тасымалы тыйылар емес. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі хабарлады.
Биыл 13 қараша күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жасағы Жамбыл облысы Меркі ауданының «Чальдовар» (теміржол) өткізу пунктінде Қазақстаннан шамамен 68 тонна дизель отыны мен 120 тонна бензинді заңсыз тасымалдамақ болғандардың жолын кесті.
Заңсыз тасымалданған жанармайдың құны шамамен 50 миллион теңге екені белгілі болды.