Осы оқиғадан соң облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен Степногор қаласының Бөгенбай батыр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернатта көшпелі кеңес өтті.
Шенеуніктер жауапқа тартылды.
«Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан оқиғаның биыл 21 қазанда болғаны анықталды. 8-сынып оқушысы 7-сыныптың екі оқушысын жатақхана бөлмесінде ұрып-соққан. Ал оның сыныптасы бұл әрекетті телефон камерасымен видеоға түсірген. Сол күні кешке аралау барысында мектеп психологы түсірген оқушыдан бейнежазбаны тауып, ол туралы мектеп әкімшілігіне хабарлайды. Өз кезегінде, мектеп-интернат директоры оқиға жайында уәкілетті органдарды, құқық қорғау құрылымдарын, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияны хабардар етпестен, қазан айының 29-ында осы оқиғаға қатысы бар оқушыларды мектептен шығарып жіберген» делінген ресми мәліметте.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, мектеп-интернаттың директоры Тұрсынбай Тоққожинов қызметінен шеттетілді.
Ақмола облысының Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 141- бабы «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» және 194-баптың 2-бөлігі «Бопсалау» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.