Биыл қаңтар-қазан айлары аралығында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге – 682,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 1 трлн 543,2 млрд теңге бөлінді.
Қазан айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне – 221,1 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 67,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 153,2 млрд теңге бөлінді.
1 қарашадағы мәлімет бойынша,9 зейнеткерлер саны – 2 млн 230 мың адам. Орташа базалық зейнетақы 99 804 теңге болды.