Бостандық аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, бұзақылық жасағандар анықталып, ұсталды.
Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев: «Төрт адам ұсталды. Әрқайсысының өз рөлі болған. Біреуі қоғамдық көлік жүргізушісінің назарын аударса, екіншісі ұялы телефон камерасына түсірген, тағы екеуі қоғамдық көліктің төбесіне шығып, фейерверк атқан. Олардың арасында кәмелет жасқа толмағандар да бар», - дейді.
Бұл фактіге қатысты тергеу жүріп жатыр. Автобустың төбесінен секірген бұзақылардың бірі басын жарақаттап алған.