Ақтөбеде Toyota Land Cruiser Prado 120 маркалы автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі Ақтөбе-Астрахан автожолының 41-шақырымында Toyota Land Cruiser Prado 150 маркалы автокөлігімен соқтығысты.
Бірінші көліктің тізгінінде әйел адам болған. Ол Ақтөбеден Алға қаласы бағытында келе жатып, жол-метеорологиялық жағдайды ескермеген.
«Кейін Toyota Land Cruiser Prado 150 автокөлігі қозғалыс бағытын өзгертіп, Geely көлігін соққан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Geely автокөлігінің 35 жастағы жолаушысы Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді», – деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Сондай-ақ өңірде бір апта ішінде 22 мас жүргізуші анықталды. Облыстық ПД ЖПҚБ аға инспекторы Асылхан Бекбосыновтың айтуынша, жеті күнде жолда 4 мыңға жуық бұзушылық анықталды.
Жылдамдық режимін сақтамаған 385 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін 185 жүргізуші әкімшілік тәртіпте жазаланды.