АҚШ пен Қытай вакцинация бойынша артта қалса, басқа елдерге де кесірі тиеді – Кришна Кумар
АҚШ пен Қытай вакцинация бойынша артта қалса, басқа елдерге де кесірі тиеді – Кришна Кумар
'@Astana Club баспасөз қызметі
227
оқылды

Нұр-Сұлтанда пандемияға байланысты бір жылдық үзілістен кейін Astana Club-тың жұмысы қайта жалғасын тапты. Astana Club халықаралық пікірталас алаңы аясындағы VI кездесу астанада 15 қарашада басталды.

Күн тәртібінде пандемия салдары, жаһандық қауымдастықтың экономикалық дағдарыстан шығу мүмкіндігі, Ауғанстан болашағы және алдағы онжылдықта Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы көшбасшы ретіндегі рөлі талқыланып жатыр. Әлемнің әр түкпірінен жиналған спикерлер пандемияны жеңудің жалғыз жол вакцина екенін тілге тиек етті.

RAND Corporation корпорациясының халықаралық зерттеулер жөніндегі директоры Кришна Кумар: «2022 жылы әлем халқының басым бөлігіне вакцина салынады, экономика 2023 жылы және одан әрі қарай қалпына келеді. Бірақ егер пессимистік тұрғыдан қарайтын болсақ, егер АҚШ пен Қытай сияқты көшбасшылар вакцинация бойынша артта қалса, басқа елдерге де кесірі тиеді», – деді.

Айта кетейік, Astana Club отырысы 17 қарашаға дейін жалғасады.