Пандемия адамзат бір-біріне тәуелді екенін тағы бір рет дәлелдеді – Дариға Назарбаева
Пандемия адамзат бір-біріне тәуелді екенін тағы бір рет дәлелдеді – Дариға Назарбаева
'@Astana Club-тың баспасөз қызметі
182
оқылды

COVID-19 пандемиясы әлемдік жүйені түбегейлі өзгертті. Коронавирус кесірінен елдер өз шекарасын жауып, тауар тасымалы мен жолаушылар қозғалысы шектелді.

Жиында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры, Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева: «Біздің клубтың бұрынғы отырысы 2019 жылы өткен. Ол отырыс мүлдем басқа дәуірде болған секілді. Содан кейін жер-жерде вирустың өршуі – әдеттегі өмір тәртібін өзгертіп жіберді. Экономика тоқырап, әлемнің көптеген елі оқшауланды. Вирус әлемді дәл бұлай өзгертеді деп ешкім күтпеген еді. Пандемия біздің қаншалықты өзара тығыз байланысты және бір-бірімізге тәуелді екенімізді тағы бір рет дәлелдеді. Бүгінде халықаралық қауымдастық бұрынғыдан да бірігіп әрекет етуге мұқтаж», – деді.
Сондай-ақ ол әлем қайта өркендеуі үшін өзара сенімді қалпына келтіру – Astana Club-тың басты миссиясы екендігін де атап өтті.

Бұған дейін Astana Club жиынына арнайы келген RAND Corporation корпорациясының халықаралық зерттеулер жөніндегі директоры Кришна Кумар «АҚШ пен Қытай вакцинация бойынша артта қалса, басқа елдерге де кесірі тиеді» деген еді.