Ақмола облысындағы жарылыс: үш адам қаза тапты, он адам ауруханаға жеткізілді – видео
Ақмола облысындағы жарылыс: үш адам қаза тапты, он адам ауруханаға жеткізілді – видео
©А.Ахметқазы
429
оқылды

Кеше Ақмола облысының Шортанды кенті Линейная көшесінде газ баллоны жарылды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Сағат 21:38-де Шортанды кентінің №18 байланыс пунктіне полиция бөлімінің кезекшісінен газ баллонның жарылғандығы туралы хабарлама түсті.    width= Өртті сөндіруге ТЖД 35 қызметкері мен 7 техникасы, «Жер Ана» ЖШС МЕӨҚҚ-ның 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.    width= Барақ үлгісіндегі пәтерде өрт шығып, шатырын толықтай жалын шарпыған. Өрттің аумағы - шамамен 350 шаршы метр. Өрт сағат 22-35-те ауыздықталып, сағат 23:55-те толық сөндірілді.

Оқиға орнынан 3 адамның мәйіті табылды. Тағы он адам түрлі дене жарақатпен аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.

https://youtu.be/Zl3uIFXCNNQ

Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін Ақмола облыстық жедел тергеу тобы және зерттеу-өрт зертханасы жұмыс істеуде.