Педофилдердің Қазақстанға келуіне тыйым салынуы мүмкін
Педофилдердің Қазақстанға келуіне тыйым салынуы мүмкін
Фото: karasayinfo.kz
200
оқылды

Мәжіліс «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.

Балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендер мен терроризмге қатысы бар адамдарға тыйым салынбақ.

«Заң жобасы балаларға зорлық-зомбылық көрсетіп, сотталғандардың біздің елге келуін, Қазақстан азаматтығын алуын шектеу, экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге елімізге келуіне тыйым салу, төтенше жағдайларда қолданылу мерзімі өткен құжаттарды пайдалану мәселелерін реттеу және басқа түзетулерді көздейді, – деді депутат Снежанна Имашева.

Бұған дейін Қазақстанда түрмеден шыққан педофилдерге электронды білезік тағылатынын жазған болатынбыз.