Актер жұбайына қолдау білдіріп, уайымға берілмеуді сұрады.
«Бұрынғы отбасымнан ажыратқан жоқ»: Олжас Абай жұбайы Дариға Бадықоваға қолдау білдірді
Фото: әлеуметтік желі
162
оқылды

Актер Олжас Абай жұбайы Дариға Бадықованы сынағандарға жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы отбасына актрисаның қатысы жоқ екенін айтты. Сондықтан ажырасуына себеп болды деп айыптауды тоқтатуын сұрады.

«Енді менің жанымдағы кісіні біреу ренжітсе, маған ренжімесін... Жаман сөз жазып, табалай бермеңдер. Ешкім ешкімді бала-шағасынан ажыратқан жоқ. Бірінші некеден тоғыз жыл бұрын екі жақтың келісімімен кеткен адамдармыз. Ол кезде Дариғаны танымаймын да. Осы тақырып жабылсын... Бақыт тілеп жатқан жандар, сіздерді өнермен талай қуантамыз», – деп жазды Олжас Абай.

Актер жұбайына қолдау білдіріп, уайымға берілмеуді сұрады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.