2027 жылы қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесіне орай төрт күн қатарынан демалады.
Қазақстандықтар 2027 жылғы Жаңа жылда төрт күн қатарынан демалады
126
оқылды

Қаңтар айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтарды барлығы 13 демалыс күні күтіп тұр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

2027 жылы 1 қаңтар жұмаға, ал 2 қаңтар сенбіге сәйкес келеді. Мерекелік күн сенбіге түскендіктен, демалыс 4 қаңтарға, дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін қазақстандықтар 1-4 қаңтар аралығында демалады.

Төрт күндік демалыстан кейін 5 қаңтар, сейсенбіде жұмыс басталады. 6 қаңтар да – жұмыс күні. Ал 7 қаңтар, бейсенбіде православ христиандарының Рождество мерекесіне байланысты қазақстандықтар тағы бір күн демалады.

8 қаңтар, жұма – жұмыс күні. Одан кейін 9 және 10 қаңтарда әдеттегі сенбі-жексенбілік демалыс болады.

Осылайша, 2027 жылғы қаңтарда бес күндік жұмыс аптасы бойынша 18 жұмыс күні және 13 демалыс күні бар. Алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтардың демалыс кестесі өзгеше болады.