Дәрі-дәрмек тиелген көлік жол бойында өртеніп кетті
Дәрі-дәрмек тиелген көлік жол бойында өртеніп кетті
Фото: ТЖД-нен алынды
265
оқылды

Батыс Қазақстан облысында күре жолдың бойында дәрі-дәрмек тиелген «ГАЗель» көлігі өртеніп кетті. Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Оқиға кеше сағат 23.49-да Орал-Атырау жолының 105-шақырымында, яғни Ақжайық ауданы Самал ауылы тұсында болды.
«Муратова» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі, 21 жастағы жүргізуші жүргізіп келе жатқан «ГАЗель» автокөлігі отқа оранды. Өрт сағат 00.45-те оқшауланып, 01.15-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырағанын жазған болатынбыз.