Отандық жұлдыздардың қайсысы қылмыс әлемімен байланысы бар деп ойлайсыз? Әрине, танымал жандардың өздері емес, олардың жақындары. Кейбірі заң бұзғаны үшін сотталса, енді бірінің туысы қылмыс серкелері екен. Міне, олардың кімдер екенін жинақтауға тырыстық.
– Тіпті, әкемізбен қоштасып та үлгермедік. Тек тізімде көрсетілген дәрісін әкеп беруге рұқсат берілді. Өзінің жасы да келіп қалған, ол жақта жағдайы қалай болатынын білмедік. Міне, сол кезден бастап отбасыма деген жауапкершілікті мойныма алдым, – дейді Айжан Байзақова.
– Үлгі боларлық мейірімге толы толыққанды отбасында дүниеге келдім. Әкем де, шешем де, інім де болды. Өміріміз бірқалыпты, тыныш еді. Бірақ, аяқасты жаман түстей, жанұямыздың күлі көкке ұшты. Бір күні көзімше әкемді түрмеге алып кетті. Ол кезде бар-жоғы 6 жаста едім. Сол кезде әкемнің басқа дүниемен айналысатынын түсіндім, – деді Жека Fatbelly.
Оның айтуынша, қиындық мұнымен бітпеген. Араға біраз уақыт салған соң әкесі бостандыққа шыққан. Сол уақытта жанұяның жағдайы да кәдімгідей түзелгендей де болды. Алайда кейіннен Жеңіс әкесінің анашаға тәуелді екенін білді. «Сол бір кезеңде тозаққа түскендей болдым. Үйдегі дүние-мүліктің сатылғаны былай тұрсын, пәтерден-пәтерге көшіп жүрдік. Анаша шекпеген күндері әкем қиналып, ауыратын. Үйде ұрыс-керіс көбейіп, берекеміз қашты. Соның кесірінен ақырында өмірден өтті» дейді вайнер. Ол кезде Жеңіс 17 жаста болған.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=Z6iz0l5j6SQ[/embed]
Сондай-ақ қылмыс әлемінің серкесі Сабыр Мүсілімнің есімі көпшілікке белгілі болар. Ол – елге белгілі актер Тәуекел Мүсілімнің әкесі. Ал актер болса, үйінің тұңғышы. Көз көргендердің айтуынша, ол әрқашан жетім-жесірге көмектесіп, қамқорлық еткен. Ел ішіндегі жұмыссыздықпен күресіп, қылмыстың алдын алуға тырысқан.
– Әкем өзі спортқа жақын болатын. Соған қарамастан поэзия мен өнерді жақсы көретін. Жанында болғанымда әрқашан «балам, оқы, болашақ білімде» деп айтуын қоймайтын. Шынымен, қазір білімділердің заманы ғой. Бір сөзбен айтсам, өзім әкеме тартпағанмын. Ол секілді ашық емеспін. Тұйықпын, бәрін өзімде ұстаймын. Кім біледі, мүмкін, әкемнің тәрбиесінде өссем, мінезім де басқаша болар ма еді? – дейді актер.
Қазір Бақытбек Есентаев жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеп жатыр. Баян бастапқыда оның заң бойынша жазалануын қалайтынын мәлімдеді. Бірақ, кейіннен ол ойынан айнып, мерзімінен бұрын босатылуын сұрап, бірнеше рет жазған да болатын. Алайда Бақытбек Есентаев әлі күнге дейін жазасын өтеп жатыр.
– Арамызда келіспеушілік болмады емес, болды. Ондайда сөйлесуден гөрі, ол қол көтеріп, соққының астына алатын. Оның үстіне арыз жазып, сотқа да бердім. Сол үшін түрмеге отырып та шықты, – дейді ол.