10 өңірде ескерту жарияланды
10 өңірде ескерту жарияланды
© sn.kz
133
оқылды
«Қазгидромет» РМК 18 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Қызылорда облысының орталығында оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с артады. Түнде Ақтөбе облысында, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұрқасын күтіледі. Желдің жылдамдығы 18 м/с құрайды. Түнде Павлодар облысының басым бөлігінде, күндіз оңтістінде жаяу бұрқасын болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде өңірдің басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с артады. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең Алматы облысының шығысында тұман, көктайғақ болады. Түнде өңірдің шығысында және таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, түнде өңірдің солтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде желдің екпіні 25   м/с жетеді. Қарағанды облысының басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде өңірдің шығысында жылдамдығы 23-28 м/с артады. Түнде және таңертең Қостанай облысының шығысында, оңтүстік-шығысында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жетеді. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың оңтүстік-батысында түнде және таңертен тұман болжанады. Желдің күші - 15-20 м/с.