Доллар бағасы бүгін тағы да өсті  
Доллар бағасы бүгін тағы да өсті  
Фото: basnews.kz
152
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттықта теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы бүгін тағы өсті.

Бүгін доллар бағамы 17 қарашадағы бағамен салыстырғанда 0,73 тиынға өскен. Доллардың орташа бағамы 431,48 теңге болды. Ұлттық банктің 18 қарашадағы ресми бағамы – 430,74 теңге. Бүгін Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 432,05 теңгеден сатылса, сатып алу – 433,03 теңге. Нұр-Сұлтанда доллар 431,76 теңгеден сатылып жатыр. Сатып алу құны – 433, 00 теңге.

Кеше Қазақстан қор биржасында бір доллардың бағасы 430 теңгеден асқан болатын.