Жамбылдағы дауыл: 17 жастағы жігіт қайтыс болды
Жамбылдағы дауыл: 17 жастағы жігіт қайтыс болды
Фото: ernur.kz

Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 17 жастағы ер адам дауыл кезінде үйдің төбесінен құлап, оқиға орнында қайтыс болды, – деп хабарлайды 24.kz.

Оқиға Жалпақтөбе ауылында болған. Дауыл соққан кезде жігіт үйдің төбесінде болған. Жас жігітті жел ұшырып әкеткен, ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.

Кеше Жамбыл облысында дауыл соқты. Жел екпіні секундына 38 метрге дейін жетті. 53 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Қалалық көпсалалы ауруханаға 43 адам жүгінсе, стационарға төрт адам жатқызылған.

  https://youtu.be/JkZD3BbCocY