Степногорск қаласында әйел адам қайтыс болған науқастың банк картасындағы ақшасын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 қарашада Степногорск қаласының Полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан ұрлық туралы арыз келіп түсті. 29 қазан мен 8 қараша аралығында «Halyk Bank» банк картасынан 309 мың теңге сомасында ақша қаражаты ұрланғаны анықталды.
Банк картасы 8 қарашада қайтыс болған науқасқа тиесілі болып шықты. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті әйелді анықтады.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.