Алматыда жаңажылдық кештер өткізуге тыйым салынды
Алматыда жаңажылдық кештер өткізуге тыйым салынды
© inform.kz
293
оқылды
Алматы коронавирус бойынша «жасыл» аймақта тұрса да, жаңа жыл кештері мен отырыстарын өткізуге тыйым салынады. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
«Біз «қызыл», «сары», «жасыл» аймақта болсақ та, ұжымдық кештерге тыйым салынады. Бүгінгі күні вирус жұқтыру жағдайы сақталуда. Тіпті, «жасыл» аймақта болсақ та, бір тәулікте 120-130 адамнан коронавирус анықталып жатыр. Егер ұжымдық шараларды өткізетін болсақ, біз бірден «сары» емес «қызыл» аймаққа ораламыз. Біздің мақсатымыз карантин шараларын сақтауды одан әрі жалғастыру», – дейді Жандарбек Бекшин.
Сонымен қатар, ол мектепке дейінгі мекемелерде де ертеңгілік өтпейтінін тілге тиек етті.
«Балабақшаларда жаңажылдық ертеңгіліктер өткізуге болмайды. Бұл топтар арасында вирус жұқтыру қаупін тудырады», – деді ол.