Ақтөбеде таңертеңгі болған жол-көлік оқиғасы туралы жаңа мәліметтер мен видео пайда болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызыл түсті “Daewoo Nexia” автокөлігінің жүргізушісі бұрылыста рульді басқара алмай, “Lada Priora” және “Opel Vectra” автокөліктерімен соқтығысқаны ПД ЖБО бейнебақылау камераларынан көрінеді. Соққы салдарынан “Daewoo Nexia” автокөлігі өртеніп кеткен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен өрт сөндіру қызметі келген.
ПД Анықтау басқармасы бастығының м.а. Эльмира Суликанованың айтуынша, 31 жастағы әйел жүргізуші “Daewoo Nexia” автокөлігін мас күйінде басқарған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан “Daewoo Nexia” автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы және “Lada Priora” автокөлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттармен Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.
“Daewoo Nexia” автокөлігінің жүргізушісі жан сақтау бөлімінде жатыр, басқа жол-көлік оқиғасына қатысушылардың жағдайы қанағаттанарлық.