Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар тізімі белгілі болды
Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар тізімі белгілі болды
252
оқылды
Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын зілтеміршілер белігілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Алматы облысында "Ақбұлақ" Олимпиадалық орталығында әлем чемпионаты алдындағы соңғы дайындық жұмыстарын пысықтап жатыр. Әлем біріншілігі 7-17 желтоқсан аралығында Өзбекстан астанасы - Ташкент қаласында өтеді. Аталған әлем чемпионатында ел намысын бес спортшы қорғайды. Олар: Арли Чонтей (55 келі) Нұрғиса Әділұлы (96 келі) Артем Антропов (96 келі) Карина Күзғанбаева (81 келі) Айзада Муптильда (87+ келі)