«Арқаның аңызы» – Қарағандыда
«Арқаның аңызы» – Қарағандыда
327
оқылды
Қарағанды қаласында Сә­кен Сейфуллин атындағы қа­зақ драма театрында жазу­шы, талантты драматург және ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауре­аты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Софы Сматаевтың 80 жылдық ме­рей­тойына арналған «Арқа­ның аңызы, Алаштың абызы» атты шығармашылық кеш өтті. Мерейтой иесі Қарағанды облысының Киік стансасында дүниеге келген. Мәскеу болат және қорытпалар институтын бітірген. Мәскеудегі «Орақ және балға» зауыттарында, Ново-Тульский металлургия зауытында, Қазақ КСР Ғылым академиясы­ның Металлургия және байыту ин­ститутында инженер болып жұ­мыс істеді. Бірақ техникалық білім оның көп жанрлы жазушы болуына кедергі болмады. Ол – «Елім-ай», «Ақжелең», «Бұлақ», «Мәңгілік бастау» және т.б. белгілі романдардың авторы. Қала­мынан шыққан «Алау», «Алғашқы асу», «Қайран жастық» әңгімелері оқырмандар мен сыншылардың жоғары бағасына ие болды. Сон­дай-ақ «Мен тірімін» поэмасын жазды. Онда автор өзінің өмірі мен шығармашылығы туралы және жасына қарамастан, өз жанкүйерлерін құруға және қуантуға дайын екені туралы айтады. Мереке «Тұлға» фильмінің тұсаукесерінен басталды. Онда жазушының өмірі мен шығарма­шылығы туралы айтылады. Мерейтой иесінің өзі де шет қалмады – өз өлеңдерін оқыды. – Қарағандылықтар жерлестерін мақтан тұтады. Сіздің әде­­биет әлеміне сыйлаған шы­ғарма­­ларыңыз бен аударма­ларыңыз, өлеңдеріңіз бен пьеса­ларыңыз қазақ әдебиетінің бағалы қазы­насы болды. «Елім-ай» романы қазақ әдебиеті тарихында ерек­ше орын алады. Қазақ хал­қының даңқын асырған бұл туынды өт­кенге үңіліп, бүгінгі күннің жетіс­тіктерін бейнелейді, – деді Қара­ғанды облысы әкімінің орын­басары Абзал Нүкенов құт­тықтау сөзінде. Шығармашылық кеште Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының актерлері Софы Сматаевтың шығармаларын оқыды. Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистері қатысушыларға әдемі әндер мен керемет әуендер сыйлады.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ, Қарағанды облысы