Жандарбек Бекшин кішкентай немерелеріне Pfizer вакцинасын салдыра ма?
Жандарбек Бекшин кішкентай немерелеріне Pfizer вакцинасын салдыра ма?
©А.Ахметқазы
197
оқылды

Қазақстанда әйелдер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер Pfizer вакцинасын салдырып жатыр.

«Әрине, салдырамын. Өзім де салдырар едім. Менің әріптестерім балаларын емханаға сенбі-жексенбі күндері алып барды. Pfizer вакцинасын алғандар саны күн сайын көбейіп жатыр. Вакцинаны бүкіл әлем пайдалануда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тексерісінен өткен. Сондықтан ешқандай қорқыныш жоқ. Менің балаларым ол жастан өтіп кеткен, немерелерім әлі 12 жасқа толған жоқ. Үлкен немерем 9 жаста, кейде оған да салдыру керек деп ойланып қаламын. Бірақ оның жасы әлі 12-ге толмады», – деді Жандарбек Бекшин.

Жасөспірімдерге Pfizer вакцинасын салу 12 қарашада басталды.

Бұған дейін Жандарбек Бекшиннің өзі вакцина алған кезде "Мүлдем уайымдап тұрғаным жоқ" деген еді.