Қар жауып, солтүстік, шығыс, орталықта боран соғады. Батыста көктайғақ болады. Тек қана оңтүстік, солтүстік-шығыс пен солтүстік-батыста жауын-шашын жаумайды.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-23 м/с күшейіп, облыстың солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батыс, оңтүстік, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде тұман, түнде облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Таңертең және күндіз Алматы облысының солтүстік-шығыс, оңтүстігінде көктайғақ болып, оңтүстігі мен шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының оңтүстігінде тұман, солтүстігінде боран соғады.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман, күндіз облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, күндіз облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Атырау облысының батысы мен шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.