19 қарашаға арналған ауа райы болжамы
19 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: kolesa.kz
129
оқылды

Қар жауып, солтүстік, шығыс, орталықта боран соғады. Батыста көктайғақ болады. Тек қана оңтүстік, солтүстік-шығыс пен солтүстік-батыста жауын-шашын жаумайды.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-23   м/с күшейіп, облыстың солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының батыс, оңтүстік, солтүстік-шығысында жел 15-20   м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде тұман, түнде облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Таңертең және күндіз Алматы облысының солтүстік-шығыс, оңтүстігінде көктайғақ болып, оңтүстігі мен шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының оңтүстігінде тұман, солтүстігінде боран соғады. Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман, күндіз облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, күндіз облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Атырау облысының батысы мен шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.