Қазақстанда қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?
Қазақстанда қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?
Фото: astana.gov.kz
219
оқылды

Биыл 1 қарашадағы мәлімет бойынша, 195,3 мың отбасындағы 973,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Бюджеттен 69,9 млрд теңге бөлінді.

АӘК жан басына шаққандағы орташа табыс өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады. Сондай-ақ АӘК табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтама беріледі. Биыл 1 қарашада АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 247,1 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама берілді.
Айта кетейік, АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Бұған дейін әлеуметтік пакетте мерзімі өтіп кеткен азық-түлік таратылғаны туралы жазған болатынбыз.