Биыл 1 қарашадағы мәлімет бойынша, 195,3 мың отбасындағы 973,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Бюджеттен 69,9 млрд теңге бөлінді.
АӘК жан басына шаққандағы орташа табыс өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.
Сондай-ақ АӘК табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтама беріледі.
Биыл 1 қарашада АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 247,1 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама берілді.
Айта кетейік, АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.