Тұрсынханов теңгенің құнсызданған себебін түсіндірді
Тұрсынханов теңгенің құнсызданған себебін түсіндірді
Фото: tumba.kz

Қазақстан ұлттық банкі Монетарлық операциялар департаментінің директоры Н.Тұрсынханов теңгенің айырбас бағамына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, кеше Қазақстан қор биржасындағы доллар-теңге валюта айырбасының биржадағы сауда-саттығы 431,60 теңге деңгейіне жетті. Бұл – жарты жылдан астам уақыт ішіндегі ең жоғары көрсеткіш.

Баға халықаралық нарықтағы ахуалға тәуелді. Қазанның соңынан бастап мұнай бағасын белгілеу Байден әкімшілігінің мұнай бағасының өсуін тежеу жөніндегі ықтимал шаралары туралы алып-сатарлық аясында, сондай-ақ ОПЕК пен Халықаралық энергетика агенттігінің мұнай нарығында артық ұсыныстың жуық арада пайда болатыны туралы болжамына байланысты соңғы 7 жылдағы ең жоғары көрсеткіштен 5%-дан астам көрсеткішке төмендеді. 16 қарашада осы ел басшылары арасындағы соңғы келіссөз кезінде келісілген АҚШ пен Қытайдың стратегиялық резервтерінен мұнайды сату нарықта алаңдаушылық туғызды. Екінші жағынан, инфляцияның жоғары көрсеткішіне жауап ретінде АҚШ-та мөлшерлемелерді өсіру кезеңінің жақын арада басталуын күту дамушы елдер валюталарының тартымдылығын төмендетеді және теңгенің әлсіреуін тудыратын қосымша фактор болды. 30 жылдағы ең жоғары мән болып табылатын АҚШ-тағы инфляцияның 6,2%-ға қарқын алуы АҚШ-та мөлшерлемені өсіре бастаудың күтілген күнінің жақындауына және облигациялар кірістілігінің өсуіне алып келді. АҚШ долларының нығаюы дамушы елдер валюталарына барлық жақтан қысым көрсетуде. EMCI J.P. Morgan дамушы елдер валюталарының индексі дамыған елдердің орталық банктерінің қатайту кезеңінің басталуынан дамушы нарықтардан капиталдың әкетілуіне қатысты инвесторлардың алаңдаушылығы аясында қазанның соңынан бері 2,1%-ға әлсіреді.
Мәселен, түрік лирасы 15,2%-ға, Оңтүстік Африка ранды 2,7%-ға, Чили песосы 2,2%-ға әлсіреді. Түркияда лираның девальвациясы валюталық дағдарыс сипатында болып отыр. Дамушы елдердің нарықтарына қатысты сентименттің өзгеруі аясында біз Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына бейрезиденттер қызығушылығының төмендегенін байқап отырмыз, олар айдың басынан бері инвестицияны 23 млрд теңгеге немесе позициядан 3%-ға қысқартты.
Ресей рублі де өсіп келе жатқан геосаяси тәуекелдер аясында теріс серпін көрсетіп отыр. Пентагонның баспасөз хатшысы Джон Кирбидің Ресей әскерлерінің Украинамен шекаралас аудандарға көшуі туралы мәлімдемесі инвесторлардың алаңдаушылығын тудырды. АҚШ ЕО-дағы әріптестеріне Ресейдің Украинаға басып кіруі жөніндегі ықтимал жоспарлары туралы ескертті. және Ресейді болашақтағы өз жоспарлары туралы түсіндіруге шақырды. Қарашаның басынан бастап рубльдің АҚШ долларына қатысты бағамы 3,1%-ға әлсіреп, бір доллар үшін 70,9 рубль деңгейінен 73,1 рубль деңгейіне дейін айтарлықтай әлсірей бастады. Жалпы, теңгенің құнсыздануына жан-жақты фактор әсер етіп отыр.