Алматы мен Доха арасына қатынайтын жаңа әуе рейсі ашылды
Алматы мен Доха арасына қатынайтын жаңа әуе рейсі ашылды
Фото: kaz.orda.kz
310
оқылды

Алматыдан Дохаға қатынайтын жаңа халықаралық рейс ашылды.

Салтанатты шараға Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Алматы қаласы әкімдігінің орынбасары Серік Құсайынов, Катардың Қазақстандағы елшісі Абдулазиз Сұлтан Әл-Румайхи, Qatar Airways әуе компаниясының Шығыс өңірлер бойынша аға вице-президенті Марван Колелайт, Алматы қаласы әуежайының президенті Алп Ер Тунга Эрсой қатысты.
Әуе рейстері аптасына 2 рет сыйымдылығы 132 орындық (12 бизнес класс, 120 эконом класс) Airbus А320 типті ұшақпен орындалады.

Бұған дейін Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе рейсін ашу мәселесі туралы жазған болатынбыз.