Нұр-Сұлтанда мемлекетке 900 миллион теңге шығын келтірген ЖШС директоры сотталды
Нұр-Сұлтанда мемлекетке 900 миллион теңге шығын келтірген ЖШС директоры сотталды
Сурет: inform.kz
218
оқылды
Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Нұр-Cұлтан бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып беру фактісі бойынша «АйДи Строй 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорына қатысты қылмыстық істі аяқтады.
Тергеу барысында Д.Құрманғожинова 2017-2018 жылдар аралығында жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атынан түрлі компаниялармен жалған мәміле ресімдегені анықталды. Соның салдарынан мемлекетке төленбеген салық түрінде 900 миллион теңгеден астам залал келтірген, — делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, сот үкімімен астаналық әйел 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.