Демалыс күндері ауа райы қандай болады?-19.11.2021
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?-19.11.2021
Фото: 123.net
490
оқылды
Қазгидромет 2021 жылдың 20, 21 және 22 қарашасында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады. Синоптиктердің хабарлауынша, 20-21 қарашада республиканың шығыс жартысына Солтүстік-Батыс суық антициклонының әсері сақталады, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Сонымен қатар елдің батыс жартысы кезекті Атлантика циклонының әсерінде қалып, ауа райы құбылмалы болады деп болжанып отыр. 22 қарашада Атлантика циклоны батыстан шығысқа қарай жылжып, елдің көп бөлігін қамтиды, осыған байланысты қар жауып, көктайғақ болады, екпінді жел тұрады, елдің солтүстік жартысында бұрқасын соғады. Батыста ауа температурасы түнде 2 градус суық – 5 градус жылы, күндіз 0-10 жылы болады. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде аяз бәсеңдеп, ауа температурасы көтеріледі – түнде минус 6-16 градустан 0-9-ға дейін, күндіз 0-ден минус 9 градусқа дейін, республиканың шығысы мен орталығында түнде минус 18-28 градустан минус 10-ға дейін, күндіз минус 5-15 градустан минус 5-тен плюс 3 градусқа дейін, оңтүстік өңірлерде минус 5-15 градустан минус 5 – плюс 3-ке дейін, күндіз 0-10 градустан плюс 5-15 градусқа дейін жылынады.