Президент Қасым-Жомарт Тоқаев криптовалюта нарығының болашағы туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, криптовалюталар – объективті фактор және оларға немқұрайды қарауға болмайды.
«Олардың қолданыстағы қаржы жүйесіне әсер ететін тәуекел-қатерлері мен әлеуетін нақты бағалау қажет. Сондықтан елімізде криптобиржаларды құру үшін теңдестірілген реттеу шарттарын қалыптастыру жұмыстарын жандандыру керек. Басқаша айтқанда, криптовалюталарды шығару бойынша әлемдегі екінші ел бола тұра қаржы қайтарымын көрмей отырмыз», – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ ол цифрлық валюталарды айналымға енгізу туралы ойын білдірді. Айтуынша, болашақ қаржы жүйесінің негізгі элементі бола алатын цифрлық теңгені қолданысқа енгізу мүмкіндігін қарастырған жөн.