Елордада қалта ұрысы ұсталды
Елордада қалта ұрысы ұсталды
132
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында қалта ұрысы ұсталды. Ол бұған дейін де бірнеше қылмыс жасап, қоғамдық көлікте жолаушыларды тонап келген. Барлық ұрлық автобуста немесе аялдамада болған. Қалта ұрысы мұндай жерлерде адам көптігін пайдаланып, жолаушыға жақындап, сәті түскен кезде сөмке мен сыртқы киім қалтасынан телефон мен әмиянды ұрлаған. https://www.youtube.com/watch?v=mmBAcsMV2ec&feature=emb_title
«Түскен бірнеше шағымнан кейін жедел іздестіру қызметкерлері бірден қоғамдық көліктер мен аялдамаларды бақылай бастады. Сөйтіп 30 жастағы күдіктіні ұстады. Оның бұрын ұрлық үшін бірнеше рет сотталғаны да анықталды. Полицейлер әзірге күдікті 5 қалта ұрлығына қатысы бар екенін дәледеді. Енді оның елорда аумағында ашылмаған басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғына тексеру жүріп жатыр» делінген ПД хабарламасында.
Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.