Бүгіннен бастап Алматыда Абай даңғылындағы автобустар жолағы метро құрылысына байланысты жабылады. Бұл туралы «Метрополитен» КМК баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Метрополитен» қала тұрғындарын қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, айналма жолдарды алдын ала болжауды сұрайды.«Метро құрылысы кезінде топырақты бекіту жұмыстарының басталуына байланысты «Сарыарқа» мен «Момышұлы» бекеттерінің аралығындағы бөлік 22-30 қарашада жабық болады. Яғни, Абай даңғылы бойындағы Сайын мен Момышұлы көшелерінің аралығында шығыс бағытта автобустарға арналған жолақ көлік қозғалысы үшін жабылады» делінген мәлімдемеде.
Нұрболат АДЫРБЕК, Алматы