Абақтыдан шыққан тұрғын көлікті ұрлап, өртеп жіберген – видео
Абақтыдан шыққан тұрғын көлікті ұрлап, өртеп жіберген – видео
Фото: polisia.kz
122
оқылды

Polisia.kz-тің жазуынша, түрмеден енді шыққан тұрғын танысымен бірге көлік ұрлап, өртеп жіберген.

Биыл 21 қараша күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оны көшеде ұрып-соғып, оның Opel Vectra маркалы автокөлігін ұрлап кеткен. Материалдық шығын – 1 500 000 теңге. Полицейлер көп ұзамай екі күдіктіні ұстады. Екі ер адам ұрланған көлікті өртеп жіберген. Оқиғаның мән-жайы анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.   https://youtu.be/waZU9fWQ2Ts

Күдіктінің бірі бұрын да сотталған. Бүгінде екі күдікті де уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.