Бұл сұраққа бүгін "Алматы агломерациясы бойынша көлік инфрақұрылымының жай-күйі мен дамуы мен перспективалары» тақырыбында өткен қоғамдық кеңес отырысына қатысқан Алматы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов нақты жауап берді.
Қала басшысы орынбасарының сөзіне сенсек, LRT құрылысының жоғары Талғар трассасы бойынша алғашқы бөлігінің құрылысы келесі жылы басталады. Құрылысты жүргізу үшін инвестор тартылмақ.
"Rail Jet компаниясы мен Талғар LRT құрылысы туралы көптеген сұрақ бар, өйткені олар өз қаражаты есебінен трамвай салуға уәде береді деу дұрыс емес. Олар бюджеттен қаражат талап етеді, бірақ ол кезде астанадағы сценарий қайталанбайтындай ашық түрде жүзеге асырылуы тиіс", – деді кездесуге қатысқан Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы "Алматының тұрақты көлігі" жобасының менеджері Елена Ерзакович.
Бұл пікірге жауап берген Құсайынов Алматы LRT құрылысы астаналық құрылыс сияқты аяқсыз қалмайтынын алға тартты.
"Астанадағы сценарий қайталанбайды. Қала әкімдігі қаражат бөлмейді, бұл – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік. Жоба іске асырылғаннан кейін бюджеттен қаражат бөлінеді. Заңға сәйкес, барлық кәсіпорынға бөлінетін секілді субсидия бөлеміз", – деді Серік Құсайынов.
Айта кетейік бұған дейін Бақытжан Сағынтаев LRT құрылысына бюджеттен 300 миллион доллар керек екенін, оған қала бюджетінің мүмкіндігі жетпейтіндігін бірнеше мәрте айтқан болатын. Ал, республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат метрополитен құрылысына жұмсалып жатқанын мәлімдеген еді.
Еске салайық, 2017 жылы мегаполис басшылығы қала тұрғындары 2021 жылдан бастап, жеңіл рельсті көлікпен жүйткитін болады деп уәде берген болатын. 2018 жылы 29 тамызда "Алматыда жеңіл рельсті көлік желісін салу" жобасы бойынша жекеменшік әріптестікті айқындау жөнінде халықаралық деңгейдегі екі кезеңнен тұратын конкурстың бірінші кезеңі жарияланды.
Жоба бойынша жекеменшік серіктесті іздеу конкурсының бірінші кезеңі 2019 жылдың қаңтарында аяқталды. Бірақ конкурстың екінші кезеңі өткізілмей қалды.