Алматыда 9-қабаттан 3 баласымен секіріп кеткен әйел қазанда АӘК сұраған
Алматыда 9-қабаттан 3 баласымен секіріп кеткен әйел қазанда АӘК сұраған
© 2gis.kz
Алматыда 9-қабаттан 3 баласымен секіріп, көз жұмған әйел қазан айында атаулы әлеуметтік көмек сұрап, өтініш жазған, алайда оған көмек берілмейтіні туралы хабарлама келген, – деп хабарлады  Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы.  2021 жылдың ІІ тоқсанында бұл отбасына 225 352 теңге тағайындалған. Осылайша мамыр (112 676 теңге) және маусым (112 676 теңге) айларына төленген.
"29 қазанда атаулы әлеуметтік көмекке өтініш түсті.  2021 жылдың шілдесінде күйеуі Оразов Нұрсұлтан Бауыржанұлы TOYOTA CARINA 468AYZ13 автокөлігін сатты. Отбасына кіретін табыс жан басына шаққанда күнкөріс деңгейінің 70%-нен (25 731 теңге) асып кетуіне байланысты әлеуметтік көмек тағайындалған жоқ", – дейді басқарма басшысының орынбасары Жанат Өтебаева.
Нұрсұлтан Оразовтың өзі жұмыссыз ретінде тіркеуге тұрмаған. Жұмыспен қамту орталығының көмегіне де жүгінбепті. Қазіргі кезде Алматы қаласының "Алтын Орда" сауда базарында жұмыс істейді. Ал 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге өтініш Түркістан облысынан жіберілген. Марқұм Бақытгүл Қыдырбаева Өзбекстанның Шыршық ауданында туған. Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданындағы Нұрсат мөлтекауданында тұрған. Ал 2021 жылғы 6 тамыздан бастап Алматы қаласының Әуезов ауданындағы Жетісу-1 мөлтек ауданында уақытша тіркеуге тұрған. Бұған дейін 9-қабаттан 28 жастағы әйел 3 баласымен секіріп, көз жұмғанын жазған болатынбыз.