Елордада және 10 өңірде ескерту жарияланды
Елордада және 10 өңірде ескерту жарияланды
© 24.kz
234
оқылды
Елордада және еліміздің бірқатар өңірінде 25 қараша күнгі ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. Нұр-Сұлтанда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде таулы аудандарда күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, таулы аудандарда екпіні 23-28 м/с. Шымкентте күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Түркістанда күндіз шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 23 м/с-ке жетеді. Ертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, өңірдің шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қарағандыда, Жезқазғанда жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда желдің екпіні 18 м/с-ке жетеді. Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке, солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, өңірдің солтүстігінде және орталығында жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Қызылордада күндіз көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, екпіні 16 м/с. Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке, солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, ал өңірдің батыс бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады. Ақтауда солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде 25 қарашада Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болады.