Атырауда серіктестік директоры 1 миллиардтан астам теңгені шетелге заңсыз шығарғаны үшін сотталды
Атырауда серіктестік директоры 1 миллиардтан астам теңгені шетелге заңсыз шығарғаны үшін сотталды
197
оқылды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті «Монтаж-01» ЖШС директорының Қытай Халық Республикасына 2,9 млн астам АҚШ долларын шығару бойынша заңсыз әрекеттерінің жолын кесті, – деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің алдына ақша қаражатын шетелге заңсыз шығару фактілерін анықтау және тергеу бойынша аса маңызды міндеттер қойды. Агенттіктің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті «Монтаж-01» ЖШС директорының Қытай Халық Республикасына 2,9 млн астам АҚШ долларын (1 млрд 200 млн теңгеден астам) шығару бойынша заңсыз әрекеттерінің жолын кесті. ҚХР тумасы Цуй Цуньде «Монтаж-01» ЖШС-нің Атырау филиалы атынан «Beijing True Fortune International Trading Co., LTD» компаниясымен «Біріктірілген газ-химия кешенінің құрылысы» бойынша техникалық кеңес беру қызметтерін көрсетуге жалған мәміле жасады. Бұл ретте, консультациялық қызметтер қажет болмаған және көрсетілмеген. Цуй Цуньдеге 1,3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.