Головкин абсолют әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін
Головкин абсолют әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін
155
оқылды
Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн орта салмақтағы екі әлем чемпионы Деметриус Андраде мен Джермалл Чарло үшін жекпе-жек ұйымдастыруға ниетті, – деп хабарлайды  Vesti.kz сайты. Хирн WBO және WBC президенттеріне осы жекпе-жекті ұйымдастыруға көмек сұрап, хат жазған. Бұл арқылы промоутер Андрадеге ірі жекпе-жек ұйымдастырып қана қоймай, Андраде-Чарло және Головкин-Мурата жекпе-жектерінің жеңімпаздарын осы дивизиондағы абсолют әлем чемпионын анықтау үшін кездестіруді көздейді.
"GGG мен Мурата орта салмақтағы WBA және IBF титулдары үшін жұдырықтасатынын ескерсек, бұл (Андраде мен Чарло арасындағы жекпе-жек) тиісті жеңімпаздар арасында сөзсіз әлем чемпионы үшін жекпе-жек ұйымдастыруға түрткі болады", – деп келтіреді Хирнның сөзін Fight Freaks Unite.