Петропавлда жаппай көлік апаты орын алды
Петропавлда жаппай көлік апаты орын алды
Фото: pkzsk.info
Петропавлдан шыға берісте жаппай көлік апаты орын алып, қаладан шығар жол жабылып қалды. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Петропавл қалалық полиция басқармасының мәліметінше, 24 қараша күні сағат 13.20-да «102» жедел арнасына Қожаберген жырау көшесінде «Южный» бақылау пунктінде Daewoo Nexia, Toyota Alphard, Opel Astra жеңіл көліктері және тіркемесі бар Камаз машинасы соқтығысқаны жайында хабар түсті. Жол апаты жылдамдық пен қашықтықты сақтамау салдарынан орын алған.