Ақтөбеде жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, бір адам көз жұмды
Ақтөбеде жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, бір адам көз жұмды
Фото: laishevskyi.ru
221
оқылды
“Самара-Шымкент” автожолындағы жол апатынан жеңіл көлік жүргізушісі көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бүгін 25 қараша күні сағат 11:30-да “Самара-Шымкент” автожолының 932 шақырымындағы Белқопа кентінің жанында жол апаты орын алды. Honda автокөлігінің жүргізушісі арақашықтықты есептемей, баса озу маневрін жасап, нәтижесінде DAF (фура) жүк автомашинасымен соқтығысқан.  width= Ауыр соққының салдарынан Honda автокөлігінің жолаушысы сол жерде көз жұмды. Ал жүргізуші түрлі дене жарақатын алып, аудандық ауруханаға жеткізілді.