“Самара-Шымкент” автожолындағы жол апатынан жеңіл көлік жүргізушісі көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін 25 қараша күні сағат 11:30-да “Самара-Шымкент” автожолының 932 шақырымындағы Белқопа кентінің жанында жол апаты орын алды.
Honda автокөлігінің жүргізушісі арақашықтықты есептемей, баса озу маневрін жасап, нәтижесінде DAF (фура) жүк автомашинасымен соқтығысқан.
Ауыр соққының салдарынан Honda автокөлігінің жолаушысы сол жерде көз жұмды. Ал жүргізуші түрлі дене жарақатын алып, аудандық ауруханаға жеткізілді.