«Листвяжная» шахтасындағы апат: Тоқаев Путинге көңіл айтты
«Листвяжная» шахтасындағы апат: Тоқаев Путинге көңіл айтты
Фото: news.ru
237
оқылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кемерово облысындағы «Листвяжная» шахтасындағы апат салдарынан кеншілердің қаза болуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болған кеншілердің жақындары мен туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін» делінген жеделхатта.

Кеше Ресейде Белово қаласына қарасты Грамотеинский кентінде орналасқан шахтада 250 метр тереңдікте апат болды. 285 кеншінің 239-ы  жер бетіне шықты. Құтқарушылар шахтада қалған 36 кеншіні іздестіріп жатыр.