Алматыда жүргізуші екі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Алматыда жүргізуші екі жаяу жүргіншіні қағып кетті
189
оқылды
Алматыда Anytime каршеринг қызметінің жүргізушісі жаяужолда тұрған екі адамды қағып кетті, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жүргізушінің айтуынша, ол газды тежегішпен шатастырып алған. Оқиға Жібек жолы көшесінде болған. Жүргізуші тежегіштің орнына газды басып, Сейфуллин даңғылына өтіп кеткен, бордюрға шығып, темір бағананы құлатып, сол сәтте жаяу жүргіншілер жолында тұрған екі адамды қаққан. Жол полициясының қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.