«Қазгидрометтің» мәліметінше, тек қана батыста циклон әсерінен жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Барлық өңірде тұман түсіп, жел соғады.
Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с екпінмен жел тұрады. Түнде күші 23-28 м/с артады.
Алматы облысының Алакөл ауданында желдің екпіні 28 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жел 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Атырау облысының батысы мен орталығында тұман болжанады.