Қызылордада көлікпен өзенге батып кеткен тұрғынды іздеп жатыр
Қызылордада көлікпен өзенге батып кеткен тұрғынды іздеп жатыр
Фото: twitter.com

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға «Рисмаш» аумағында түнгі сағат 03:54 шамасында болған.

Хабарламада Сырдарияға Daewoo Nexia маркалы автокөлік түсіп кеткені айтылған.
«Көліктің ішінде екі адам болған. Біреуі – 1994 жылғы ер адам, өз күшімен жағаға шыққан. Сол жастағы тағы бір азамат көліктің ішінде қалып қойған. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағынан 1 техникамен 5 адам барды», – деді департаменті өкілі.

Құтқарушылар сағат 04:20-да суға батқан көлікті іздестіруді бастады.